ШҰБАРТАУ КӨТЕРІЛІСІ

Самат Ибраимов.
1931 жылы көктемде Қарқаралы округіне қарасты Шұбартау ауданында кеңес өкіметіне
карсы бас көтеру болды. Ұзын саны тоғыз томға жететін сарғайған қылмыстық істер құжатын қарағанымызда оған қатысушылардың көбі жазаланғанын көрдік. Сол жылғы 27 наурызында ОГПУ-дің аудандық өкілі шығарған каулыда: «Қарамурзин Мырзаш, Биғазин Мелдіхан, Молдабаев Қали, Манғазин Дүйсен, Әлдекин Әмірехан, Сейілханов Шамахан және басқалардың бастаумен жергілікті кеңес өкіметін қулатуға әрекет жасалды» делінеді.
Бұл арада айта кететін бір жәйт бар. Көтеріліске қатысқан деп қамауға алынған 600 адамның Бақтыбай-сары тегіне жататын оншақты адам мен Нұралы батырдың ұрпақтарының ауылында малшы-жалшы болып жүрген бірен-саран басқа аталардың ұрпақтарынан басқасы түгелдей Нұралы батыр бабаның үрпақтары, оған төменде көрсетілген Жангелді тегі, Рымқұл тегі, Жәке тегі, Қарсақ тегі, Қарамырза тегі, Сәдір тегі деген азаматтар Нұралы батырдың Кененбай деген баласының ұрпақтары. Өзенбай тегі дегендер Кененбайдың інісі Өзекбайдың ұрпақтары. Әлдеке тегі деген азаматтар Нұралы батырдың Жантемір деген баласының ұрпақтары екендігін еске сала кеткен артық болмас.
ШҰБАРТАУ КӨТЕРІЛІСІ
1931 жылы 4-7 наурыз күндері 400-дей адам аудан орталығына шабуыл жасаған. Көтерілісшілердің мақсаты делінген аталған құжатта:» кеңес өкіметін құлату, аудан орталығындағы мемлекеттік кооперативті тонау, сол арқылы байлардың тәркіленген мулкін, малын қайтару, сөйтіп, бұрынғы байлардың жүйесін қалпына келтіру.»
Қылмыстык істердегі берілген жауаптарға қарағанда тәркілеуден кейін ауылда тұрмыстың өте нашарлап кеткені, тіпті күнкөрістің әбден киындап, аштық бастала бастағаны, салықтың көбейіп, халықтың еңсесі езіле түскені анық байқалады. Бұған төзе алмаған ауылдың беделді, ауқатты болған азаматтары атқа қонады. Бұл көтеріліс ауылдарды қамтып, оған қатысқандар аудан орталығындағы кооперативті тонайды, ондағы мүліктер мен малдарды ашынған жұртшылык талап әкетеді.
Тергеу ісіне қарағанда, бас көтеруге ұйтқы болған 77 жастағы Мырзам Карамурзин. Мысалы, Қылмыстык істің, 1-томында (377-бет) «Қарамурзин және басқаларды айыптау туралы қаулыда» аталған адамға қатысты мынадай жолдар бар: «Карамурзин Молдаш адамдарды көтеріліске шығу жөнінде үгіт жүргізіп, үйіне қонақ шақырған болып жасырын жиналыс өткізген. Нәтижесінде көтерілістің негізгі басшысына айналып, аудан орталығындағы кооперацияны тонауды ұйымдастырған. Абралы, Шыңғыстау аудандарындағы көтеріліс басшыларымен байланыс жасағаны белгілі. Байлардың басын қосып, көтеріліс ұйымдастырғанда оған кедейлер мен орташаларды да зорлықпен тартқан, ал көнбегендеріне күш қолданған. Ол өз ауылының ғана емес басқа ауылдардың да мұндай бүлікке шығуына түрткі болған».
Қылмыстық істің 1-томының 252-бетінде Қарамурзин Мырзаштың революцияға дейін қанша малы болғаны жөнінде анықтама тігілген. Яғни оның 50 жылқысы, 10 түйесі, 300 қойы, екі жалшысы болыпты. Осы анықтамада оны «бай, жекеше» деп көрсеткен екен. Ал 1930-31 жылдардағы салық төлегені жөніндегі анықтамада сауатсыз екендігі, дауыс беру құқынан айырылғаны, 2 түйесі, 2 аты бар екені жазылған.
Демек тәркілеу көзінде оның бар дүние-мулкін сыпырып алғаны анық. Көтеріліс басшыларының, бірі М.Биғазиннің революцияға дейін қанша малы болғаны жазылмай, орнына сызықша қойылып кеткен, ал 1931 жылы 3 жылқысы, 3 қойы, 1 сиыры, 1 түйесі бар екендігі келтірілген. Бұрын бай, жекеше дегендердің көтеріліс кезінде қолда қалған малдары саусақпен санарлық қана.
Сонымен қуатты кеңес өкіметі бүлікшілерді тез арада басып-жаншыды. Бірақ оған нақты кім қатысты, кімдер ұйымдастырды деген мәселелерді анықтай қою бірден оңайға түспегені байқалады. Соңдықтан да ауыл-ауылдарда жиналыс жасап, кінәлілер айқындалгған. Айталық, 1931 жылы Шұбартау ауданындағы N8 ауылда азаматтардың жиналысы болады. Оған 20 ер адам, 15 әйел қатысты, оның 3-і комсомол мүшесі де екеуі коммунист. Жиналыс қаулысында оған қатысқандар, яғни кедейлер өздерінің көтеріліске амалсыз қатысқандарын айта келіп, әкелі-балалы Омаровтарды бандит деп, ал байлар Мұқатаев, Смағұл Қангелдиндер кеңес өкіметінің жаулары, оларды арамыздан аластатыңыздар деген шешім жасайды. Сонымен бірге Әлдекиев, Қангелдинов, Шағманов, Қарамырза Қарсақов және басқа байлардың да өз араларында бұдан былай болмауын талап етеді. Әрі өздерінің аудан орталығындағы кооперативке қараңғылықпен байрғандарын, алған заттарын үш күн ішінде кері қайтарып беретіндіктерін айтады. Қенестік өкіметтің әпербақан айлакер саясаты кешегі ағайын, көрші адамдарды бір-біріне жау ете қояды. Ішер асы, киер кимі жоө тас кедейлерді жинап алып, сендер шындарынды айтып, пәленшені-түгеншені ұста берендер болды, бар пәледен кұтыласыңдар деп олардың қараңғылығын тағы пайдаланады. Жалпы жиналыста «ананың көзін құрту керек», «мынаны ұстау ке-рек» деп өз ауыздарынан айтқызады. Оған тағы бір мысал, 1931 жылы 1 сәуірде болған жиналыс хаттамасында мынадай жолдар бар: “Арамаызда қалған бандыларды көрсетуді міндетімізге аламыз. Олардың ішінде М.Мұзбалақов малды бермеу жөнінде үнемі үгіт жүргізіп бізді көтеріліске қатысуға азғырды”. …Осы жиналыстың хаттамасында ауылдық кеңес аумағанда көшіп-қону етек алған, бұдан былай бірде-бір адам ауылдық кеңестің рұхсатынсыз көшпейтін болсын деген қаулы алынғаны жазылған.
Көтеріліске қатыушыларды анықтау һда ауылдағы коммунистер мен комсол мүшелері белсенділік танытыпты. Аталған №178 (4750) қылмыстық істің 1-томаның 41-43 беттерінде “Партия және комсомол мүшелерінің жиналысында учаскілер бойынша бекітілген бандиттер тізімі” тігіліпті. Оны рудың бөлімдері, аталары бойынша жасаған. Оқырман қауым үшін олардың аты-жөндерін түгелдей келтіре кеткенді жөн көрдік.
Қангелді тегі: Манғазин Дүйсен, Төлеубек, Аманғали, Заманбек, Қабатаев Амантай, Сайынов Бұдаубек, Қангелдин Қабатай, Сайынов Әбіл, Боқаев Жексембек, Мақадиев Шақай, Омаров Сыпатай, Маилов Шамқан, Смағұлов Әмір, Әміров Қасым, Сүлейменов Жасымбмеқ, Биғазин Тұрғымбай, Биғазин Мелдехан, Биғазин Алтықын, Оспанов Қәрімбек, Биғазин Аңқау.
Шағаман тегі: Нұртілеуов Орынбек, Нұрғалиев Құдайберген, Біртілеуов Шайзада, Мүтанаев Тужан, Мүлтанаев Зақан, Тұшқұбанов Бақберген, Шамағанов Қауғабай, Шамағанов Байтөлеген, Шамағанов Мақ, Мағин Серікбай.
Жанегелдин тегі: Жангелдин Шайқы, Жангелдин Күншай, Күншаев Әубәкір, Күншаев Рызан, Сабақбаев Әбілбек, Күншаев Уәли.
Рымқұл тегі: Көппаев Дулат, Көппаев Әбдіш, Көппаев Шәкір, Ватаев Тәңірберген, Рымқұлов Құбай, Құбаев Шәкәрім, Сабақбаев Әлпи.
Жәке тегі: Нұрланов Мағауия, Байназаров Бегәлі, Байназаров Жанат, Байназаров Секербай, Байназаров Рыскелді, Әбіқанов Иматай, Сұлтанов Әбікен.
Қарсақ тегі: Мүлтабаев Қали, Мүлтабаев Өміртәлі, Омарбаев Иманжан, Молдабеков Тақыр, Нұрсынқанов Рақым, Қалиев Шәріп, Өмірәлин Ысмығұл, Муин И, Молдабаев Тұрсынхан, Молдабаев Байтілеу.
Қарамырза тегі: Қарамурзин Мырзаш, Мырзашев Мұздыбай, Мырзашев Тәуірбай, Мырзашев Амансары, Қарамурзин Рымжан, Сұлтанғазин Оспан, Сұлтанғазин Күләй, Оспанов Қамыт, рымтаев Тұтықбай, Рымтаев Тоқабай, Сұлтанғазин Сәкіш, Сұлтанғазин Көккөз, Сұлтанғазин Саркөз, Сұлтанғазин Нұқатай, Омашев Садық, Садықов Өмірзақ, Садықов Кетжан, Куктов Ахмет, Әбітаев Итжан, Әбітаев Ж., Беділбаев Ысқақ, Шұрғатов Нұрқит, Жылқышиев Сламқан.
Сәдір тегі: Мұқашев Тәкіш, Мұқашев Құдаш, Мұқашев Ыбырайбек, Тақшаров Кәріпжан.
Өзенбай тегі: Бисенов Мәди, Нұржанов Ораз, Саржанов Хасен, Мәкенбетов Ізтілеу, Ақылбеков Жұбан.
Әлдеке тегі: Әлдекин Әмірхан, Сейілханов Жұмажан, Әмірхан Ысқақ, Шомақанов Арынхан, Иманқали, Рақымжанов Көпбай, Сейілханов Шаники, Әзмұханов Алқан, Алықбан, Нұрқаш.
Майшы тегі: Маңжігітов Құлықбай, Құлықбаев Сқақбай, Садықбай, Ұзбақанов Бейсен.
Бақтыбай-сары тегі: Ахметжанов Мұқан, Ысқатай, Әкішев Зәкір, Оспанов Дәуіт, Дәуітов Хамза, Әмзе, Жүнісов Әбілқақ, Нұрғымбаев И., Нұрғымбаев Бақман, Ақтаев Қасқабас. Барлығы 126 адам. Бұған қосымша тағы тізім берілген. Оның біріншісінің басына «Жиналысты тастап, бандаларға қосылып кеткен комсомол мүшелері» деп жазылған да аты-жөндері келтірілген.
Олар: Махамбетов Ізтілеу, Тұрғынқанов Рахим, Тұрғынқанов С., Нұржанов Рымбек, Жаналин Секербек. «Бандаларга қосылған азаматтар»: Елеусізов Арқыбай, Алпысов Әкімбай,
Тоқиев А., Мұзбалақов М., Сүлейүбеков Жұмабек, Табақин Ысмағұл. Осындай адамдардың құлаш-құлаш тізімі келтірілген бірнеше жиналыстар өтіп, оған қатысушылар көтеріліске басшылық
еткен шонжар тұқымдарын аяусыз жазалауды етініпті. Сондай-ақ көтеріліс кезінде бой көрсеткен үстем тап өкілдерін өз араларынан дереу аластатуды сұраған. Міне, көрдіңіз бе, ұйып отырған
ел саясат дауылынан әп-сәтте тоз-тоз болған.
Сол көтеріліске қатысушылар жазаланды. Оның, ішінде нақақтан нақақ сотталғандар да болды. Біз бұл мақамаламызда жазықсыз жапа шеккендердің екеуі туралы ғана айтпақшымыз. Оның бірі бұрынғы Семей облысы Шұбартау ауданы N8 ауылдың, турғыны болған Өмірзақ Сыдықов еді. Ол 1965 жылы 20 мамырда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының, төрағасы А.И. Микоянға арыз жазып, өзінің 1931 жылы РСФСР Қылмыстық кодексінің 58-2-11 бабымен 10 жыл мерзімге жазықсыз соталып, жазасын Байкал-Амурдегі лагерьде өтегенін, яғни елдегі ашаршылық, кезінде жалғыз сиырын сойып алғаны үшін айыпты болғанын, енді өзін ақтауын өтінеді. Ал өз сиырын сойып алғанның көтеріліске қандай катысы бар деген орынды сауал туады. Мәселенің мәнісін түсіндіру үшін Ө.Сыдықовтың аталған арызынан кейін тергеу орындарына берген жауабынан үзінді келтіре кетелік:
«1931 жылдың кысында менде бар болғаны бір ғана сиырым болды. Отбасым ашыққан соң оны соғым еттім. Мұны біреу жергілікті өкімет орнына айтып қойыпты. 1931 жылдың кысында мені Шұбартау ауданындағы Сарыоба деген жерге сотқа шақырды. Судья маған «Сиырды неге сойдың?» деп сұрады. Ал мен: «Отбасым ашыққан соң амалсыз сойдым» дедім. Одан кейін басқа сұрақ қойған жоқ, конвоймен Қарқаралыға әкеліп бірден казармаға камады… Бір айдан кейін бір орыс келіп Қарағанды қаласындағы шахтаға адамдар таңдады. Басқалармен бірге мен де Қарағандыдағы шахтадан бір шықтым. 1931 жылдың жазында бір күні мені Қарағандыдағы мекемеге алып келіп, ОГПУ Үштігімен 58-2, 58-11 баппен 10 жылға бас бостандығымнан айырылғанымды хабарлады… Жазамды 1939 жылы 15 ақпанда өтеп шықтым. Мені не үшін соттағанын әлі күнге дейін түсінбеймін. Өзімді тек тұрған жерімде өзім ұсталғанша қарулы көтеріліс болған жоқ әрі орған қатысқын да емеспін. Әлеуметтік тегім орта шаруа…” (9 том, 4-5 беттер).
Сыдыков Өмірзақты ОГПУ 10 жылға соттағанда оған Шұбартаудағы қарулы көтеріліске қатысты деп айып таққан. Айыптау қорытындысында аудан орталығын, ауылдық неңесті тонау кезінде бір қап бидай мен бір бөлек киіз алды делінген. Ө. Сыдықостың арызы бойынша істі архивтен алып қайта тексерген кезде Шұбартау ауданында 1931 жылы көтеріліс болғаны анықталды, бірак, Ө. Сыдықовтың оған қатысқаны жөнінде нақты дәлел жоқ болып шыққан. Көзі тірі куәлар да оның ол көтеріліске қатыспағанын айтқан. Ө. Сыдықовтың өзі де ондай көтеріліске қатыспағанын әрекеті көрсетілмеген, екіншіден, сол жылғы 24 наурыздағы жауап алу хаттамасында оның қолы да жоқ. Біз іспен танысқанымызда жауап алу хаттамасы қарындашпен толтырылғанын әрі қысқа кекдігі көрдік. Бір таңғаларлығы басқаларында өарандашпен жазылмаған. Осының өзінен-ақ кузінде ОГПУ қызметкерлерінің жазықсыз адамды қалай қылмысты еткенін түсіну қиын емес.
1965 жылы 22 қарашада Семей облыстық прокуратурасы облыстық сотқа Ө. Сыдықов ісіне айланысты наразылық келтіріп, 1931 жылғы 14 мамырдағы ОГПУ Үштігінің шешімін бұзуды, айыбы дәелденбегендіктен істі қысқартуды ұсынады. Сол жылы 22 желтоқсанда Семей облыстық сотының төралқасы прокуратураның наразылығын қанағаттандырды. Сөйтіп, Ө. Сыдықов өзінің ақ екендігіне арада көп жыл өткен соң барып көзі жетті.
Шұбартау көтерілісіне қатысты реп жазықсыз сотталғанның бірі Есенғараев Қаскен (Нұрқасым) еді. Ол өзінің 1959 жылы 16 қарашада КСРО Бас прокурорына жазған арызында аталған көтеріліске қатысты деп бес жылға бас бостандығынан айырылғанын Беломор каналын қазуға қатысқанын, онда адал жұмыс істегенін айтады. Сондай-ақ өзінің ушқашанда кеңес өкіметінің жауы болмағанын, әкесі Төлеу Қабдықов 1954 жылы 80 жылды ғына байланысты “Қазақ ССР-інің халық ақыны” атағын алғанын, өзі деелге сыйлы азамат екендігін баяндай келе қартаған шағында кезінде жазықсыз сотталғанын дәлелдеп ақтап беруді өтінеді. “Сонда ғана өзім де, балаларым да жұрт көзіне тіке қарайтын боламыз” деп ағынан жарылады. Аққа жағылғын күйеден құтқаруды сұрайды.
Қ. Есенғараевтың осы жазған арызы бойынша архивтен аталған істі қайта көтеріп, қайта жауал алынады. Сонда ол ГПУ бастығы өзін ұрып-соғып, наганмен атамын деп қорқытып жауап алу хаттамасында қол қойғызғанын айтқан. Көзі тірі куәлар да оның көтеріліске қатыспағанын растаған. Бір сөзбен айтқанда, кезінде жала жабылып, нақақ сотталғаны белгілі болды. Семей облыстық сотының тералқасы шешімімен Қ. Есенғараев ақталды. 1961 жылың 4 қаңтарында ол өзінің ақталғаны жөніндегі тілдей қағазды қолына алады. Ол оны табандатқан отыз жыл бойы күткен еді.
Иә, бұл екі азамат та көзі тірі кезінде әділдікке жетті. Ал сонау отызыншы жылдың басында көткріліске қатысты деп атырлып немесе бңрнеше жылға сотталып, түрмеде көз жұмғандар, болмаса шындықты дәлелдей алмай, ішқұса болып кеткендер қаншама десеңізші. Айталық, көтеріліске белсене қатысты деген 27 адам атылып кеткен. Қарамурзин және басқаларды айыптау жөніндеті N4750 іс бойынша 58-2, 58-11 баптарын 104 адам сотталған. 1931 жылы 14 мамырда Қазақстандағы ОГПУ жанындағы Үштік мәжілісінің хаттамасында (N67)K), (6-том 215-бет) кімдерге қандай жаза берілгені жазылған. Бірінші болып ату жазасына кесілген 27-інің тізімі тұр. Олар – Қарамурзин Мырзаш, Молдабаев Қали, Биғазин Мелдехан, Әбітаев Итжан, Сұлтанғазин Спан, Молдабаев Такир, Игіліков Молдабай, Сәдібеков Секербек, Матембаев Кентбай, Түсіпов Манатбек, Күзембаев Мейрамбай, Қаймақов Шоқтерек, Бекбосынов Рым, Төлеубаев Жексапай, Такиров Қылаубай, Таңқышев Нұрмамбет, Молтанаев Тажан, Мукин Әрімжан, Мырзашев Тәуірбай, Қалиев Шәріп, Қалиев Кәрімжан, Мырзашев Амансары, Бижанов Қали, Нугаев Кайып, Байгериев Самалбек, Мейірманов Бекбосын, Такиров Танкебай. Дүние мүлкі тәркіленген).
Он жылға сотталып, дүние-мүлкі тәркіленгендер:
Зорбасов Қабеке ( берілген ату жазасы он жыл бас бостандығынан айырумен алмастырылған), Тақшорин Нұрымжан, Бертөлеуов Шайзада, Сыдықов Өмірзақ, Молдабаев Өмірәлі, Қарамурзин Рымтай, Байғазин Туарғамбай, Бейбітов Әлфи, Бейбітов Садық, Ахметов Батырбай, Сморалин Ысқақ, Қабетов Амантай, Рымтаев Тоқанбай, Бәсембеков Қуандық, Байшойынов Әбіхан, Қаражанов Құтыш, Тәттімбетов Әмірбек, Дүсіпов Саит, Оразбаев Жексем-бай, Тілепов Нұрғали, Әбішев Жұмабек, Ахметжанов Арын.
Бес жылға сотталғандар:
Мырзашев Мұздыбай, Нұрақымов Құдайберген, Омаралин Смаил, Дәуітов Әмзе, Шағманов Мақа, Әміреханов Әлпей, Спанов Қалит, Ақышев Зәкір, Дүйсембеков Есамбек, Қалышев Шоқа, Әзімбаев Тәңіберген, Іңірбаев Әбіш, Белгібаев Омар, Бегімбаев Құлжамбек, Құлшанов Бірман, Исенғарин-Тәлеуов Қаскен, Ақаев Мұздыбай, Таңқышев Сқақ, Төлеппеков Оралбай, Сыдықов Кетжан, Әмірханов Әлпей, Досымбеков Есамбек, Іңірбаев Әбіш, Исенғарин-Төлеуов Қаскеннен басқаларының дүние-мүлкі тәркіленген. Мукин Аданбай бес жылға, жазасын концлагерьде өтеуге сотталып, бірақ жастығы ескеріледі де жазасының мерзімі 1/3-ке қысқартылады.
Үш жылға сотталғандар:
Әмірханов Ысқақ, Шомақанов Иманқан, Манғозин Дүйсен, Мұқашев Құдаш, Дәулетбаев Жанөспек, Дәулетпаев Қонатбек, Итбаев Қорабай, Шақалақов Спанқұл,Белгбаев Оспан, Дөненбаев Көпбай, Танкебаев Данслям, Құсылбеков Сламбек, Тұңдықбаев Дүйсегелді, Кекілбаев Бұдан, Құлпыниязов Әбдірахман. Шомақонов Иманқан, Танкебаев Данслямның дүние-мүлкі тәркіленеді. Бұлардың бәрі де жазасын концлагерьде өтеуге үкім шығарылады. Үш жылға сотталып, жазасын Қазақстан көлемінде өтейтіндер: Сейілханов Шамахан, Шөжіков Әкімжан, Есенғұлов Ералы, Әзімбаев Уәли, Бекқұлов Құлтан, Көмекпаев Қаражан, Исин Мәукен, Наймантаев Кеңгірбай, Күнторин Шындайбек, Уақпаев Ержеткен, Жолғарин Есембек, Қосабаев Жолшар, Наймантаев Кеңгірбайдан басқасының мүлкі тәркіленеді. Оспанов Дәуiт жазасын Қазақстан аумағында өтеуге бес жылға сотталды. Итымбеков Сламбек, Ақымбеков Стамбек, Әбиев Әлтіке, Молдабаев Молдағали, Мәтембаев Қараш, Итымбеков Сламбек және одан кейінгі адамдар барлығы 5 адам жазасын аяқүсті өтуге жазаланады. Ал Әлдекин Әмірханның қайтыс болуына байланысты ісі қысқартылады.
Шұбартау көтерілісіне қатысты деп о баста 600 адам қамауға алынады. Айыптау қорытындысына олардың ішінде кедейлер мен орташалар босатылған, себебі олар амалсыздан бандаларға қосылған деген жолдар бар. Ал кінәлі дегендерді кеңес өкіметі аяусыз жазалаған. Заман өзгерді, әділдік салтанат құрды, соның бір айғағы 1990 жылы 31 тамызда Қазақ ССР прокуратурасы көтеріліске байланысты жазалағандарды 75-ін ақтады. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы саяси қуғын-сүргін құрбан-дарын ақтау ісін одан әрі жалғастыруда.
Пікір қосқыңыз келе ме немесе жаңалықтарды жаңартқыңыз келе ме?
Төмендегі пішінді толтырыңыз





