abaqkerey-nuralybatyr.kz

Акпараттык-танымдык портал

Басты бетТарих Ел ТуралыТулғаларЖаналықтарЕзутартар

Ер Жәнібек

Керей Ер Жәнібек — Ашамайлы керей, аз ауыл Қырғыздан. Әкесі — Бердәулет момын, ынжықтау, малдырақ кісі.

Ол кезде Абылай елді жаңа билеп, қалмақты шауып журген соң, Жәнібек  он сегіз жасында бір көк дөненді тұлпар деп жаратып, аттанған қолды артынан қуып жетсе, қазақ бытырап кашып, Абылай: «Намыс бергеннен өлім көрген артық емес пе? Азаматтар, қатынша қашкан лайық па?!»— деп әскерін қайырып жүріп, бір жерде аты болдырып қалмак қамап тұр екен.

Жәнібек келе сала көк дөненді көлденең тартып:

— Алдияр! Сіз өлсеңіз, ел жетім калар; мен өлсем қазақтың бір қатыны ұл табар! — деп, атына мінгізіп, Абылайды құтқарып, өзі соғысып, қалмактың Жайсаң деген батыры:

— Абылайга жанын киған сенбісің! — деп, найзаменен шанша бергенде, найзасын қағып сындырып, өзін ұрып жығып, ала атын міне қашыпты.

Абылай:

— Жігіттер! Не өлім, не өмір!— дегенде, «Абылай» қаптап қалмақты жеңіп, қашқызып дем аларда:

— Баганағы баланы алып келші, ат бергенінен сөз бергені озды гой,-. деп, Жәнібек келсе, — Балам, қалағаныңды ал — деп, екі айтқанда алмай, үшіншіде

-Жалғыз басыма жетерлік дәулетім бар, он жағыңызда отырсам болады, — депті.

Абылай оң тізесіндегі биге:

— Батырға орын бер, — десе, бір айтқанда тұрмай, екіншіде Жәнібекке қарап:

— Әкең аяктағы асты алып іше алмайты жаман қырғыз еді, — деп суйретіліп әзер тұрганда, Жәнібек айтыпты:

«Қарадан ұят кетсе, ханнан қадір кетеді» деп еді. Хан әмірін екі айтқызып, алдында әдепсіз сөйлеу жарай ма? Ескі жолдың екі ауыз сөзін жаттадым деп, ханның оң жағына қайтіп ұялмай отырасын Жақсының жанына, жалпы елдін малына қорған болып па едің? Тұр былай! «Отындық қу ағаштан оқтық қайың шыгады» деген. Менің әкем жаман болса, сол қу ағаштай шыгар, — деп барып отырыпты.

*******

Қазыбек немересі Тіленші би жас жігіт кезінде, әкесі Бекболаттан:

— Орта Жузде ең шешен кім!— депті.  Бекболат:

— Әрі батыр,әрі шешен Ер Жәнібек, — депті.

Абылай кеткен соң, Ер Жәнібек қартайган кезде, керейдің жуандарының зорлығына шыдай алмай өрдегі Абақ керейге барып кегімді аламын деп, Ер Жәнібек ауыпты деп, Тіленші естіп, Жәнібекті сөзден мудіртпек болып, алдынан тосып жолығып:

— Ақсақал, кім боласыз? — депті.

Жәнібек:

— Мұсылманбыз!

Тіленші:

— Мұсылмандықты тұрқыңнан таныдым. Қай елсіз?

Жәнібек:

—Қазақпын!

Тіленші:

—Қазақтығыңды қалпыңнан таныдым. Қай ру екеніңді осынша

жасырганың, тубіңнің шикілігі бар ма? — дегенде,

Жәнібек айтыпты:

— Өзенді жер тұрганда өлкесіз жерге қонган ит! Өзі болган кісінін атасын сураган ит! Мен — жаралы арыстан! Жаралмай

кетпен-ді! Кектесім бар жерімнен кегімді алмай кетпен-ді! Келегей қара бұлытпын, келте жаумай басылман! Кезіме кердең кез болса, жазасын бермей басылман! Жауымнан қорқып қор болып, аруағымды қаршыман! Сөзді бастан асырман!

Кешегі бір кезде Бекболат қалмақтан әйел бетті бір қызыл қалмақ туды деп еді. Дәу де болса, сол шығарсың-ау! Әттең дуние-ай! Тантырақтап сөйлейсің, талға жалғап қайыңды. Арда курең асаусың, ойлатпайды-ау пайымды. Бекболаттан мен тусам, Бердәулеттен сен тусаң, кызыл бет калмағым, осы арада көрер едім-ау жайыңды! — дегенде Тіленші аттан тусе қалып, тымағын алдына салып:

— Не өлтіріп кет! He батаңды беріп кет! — деп, тізгінінен айрылмаган сон, ойланып турып:

— Кештім балам! Жолың болсын! Бар!— депті.

  Төкен ИБРАГИМУЛЫ.

                                                          «Абай» журналы. №3 1992 жыл.

Пікір қосқыңыз келе ме немесе жаңалықтарды жаңартқыңыз келе ме?

Төмендегі пішінді толтырыңыз