abaqkerey-nuralybatyr.kz

Акпараттык-танымдык портал

Басты бетТарих Ел ТуралыТулғаларЖаналықтарЕзутартар

БАРШАТАС

Несіпбек Айтұлы. 19.10.2021ж.

Баршатас, басың арша, тасың борша,

Білмеппін қадіріңді жасымда онша.

Бақанас күркірейтін қолтығыңда,

Қарқыны қар суының басылғанша.

Арнасы бірде солып, бірде толып,

Өзендер арқырайды үн көтеріп.

Дамылсыз зыр айналған дүниені,

Жаратқан байлап қойған күнге теліп.

Жыл өтер, айлар өтер, күндер өтер,

Солармен көрген қызық бірге кетер.

Қазаннан жұртта қалған төңкеріліп,

Қайнаған қара сорпа кім дәметер?

Көңілді көншіткенмен сөзбен байып,

Қайран ел кеше жүрген көзден ғайып.

Бұл күнде секілдімін толқын айдап,

Қалтылдап көк теңізді кезген қайық.

Қаптаған бала күнгі жолдасым жоқ,

Ойыма оралады Ерғасым көп…

Шашылған Шұбартауым еске түссе,

Балқиды бауыр етім қорғасын боп.

Бір кезде екі жағы қалың тоғай,

Бақанас аққан дейді жабырқамай.

Сулар да сүзіледі, үзіледі,

Тоғайлар тоналады… Өмір солай!

Пікір қосқыңыз келе ме немесе жаңалықтарды жаңартқыңыз келе ме?

Төмендегі пішінді толтырыңыз