Өмірзақ Балтақайұлы Шоқбатаров
Өмірзақ Балтақайұлы Шоқбатаров
(1923-1995)
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Қосай, Еламан (Қасқа), Дүйсеке, Жылкелді, Байсугір, Орсақ, Қудайқул, Шоқбатар, Балтақай, Өмірзақ.
1923 ж. Шұбартау ауданының 9 аулында туған. Еңбек
жолын 1939 жылы «Балқаш жұмысшысы» газетінде әдеби қызметкер болып бастайды. 1942 ж. Майданға аттанып, НКВДнің 45 ші Кавалерийский полкының құрамында соғысқа қатыскан. Балтық жағалауында соғыс біткенше әскер қатарында болған. 1949-1956 жылдары Аягөз аудандық партия комитетінде нұсқаушы, екінші хатшысы болып қызмет аткарған.
1957-1963 жылдары Ақсуат аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1963-1969 жылдары Жарма, Уржар аудандарында аудандық аткару комитетінің төрағасы болып, 1969 ж. зейнеткерлікке шыққанға дейін облыстық партия комитетінің бөлім меңгеруші қызметін атқарған. Еңбек Кызыл ту, 2-дәрежелі Ұлы Отан соғысының ордендерімен, көптеген медаль, грамоталарымен марапатталган. Әйелі Төлеусары Махметқызы. 6 балалары, 10 немерелері, 5 шөберелері бар.
Пікір қосқыңыз келе ме немесе жаңалықтарды жаңартқыңыз келе ме?
Төмендегі пішінді толтырыңыз





