abaqkerey-nuralybatyr.kz

Акпараттык-танымдык портал

Басты бетТарих Ел ТуралыТулғаларЖаналықтарЕзутартар

ОСПАНОВ БІЛІС КӘРІМБЕКҰЛЫ

Оспанов Біліс Кәрімбекұлы

         Абақ керей, Жастабан, Бегімбет, Қосай, Рыспетек, Есіркеп, Нұралы.

Семей облысы, Шұбартау ауданы, Бидайық ауыл советі,

«Орта Бөдес» қыстағында 5 желтоқсан 1938 жылы дүниеге келген.

 1961 жылы «Мал дәргері» мамандығы бойынша Семей қаласындағы зоотехникалық-малдәрігерлік институттын бітірген. 1969 жылы Алматы қаласындағы жоғарғы партия мектебін (политолог) бітірген.

1978 жылы Алматы малшаруашылығы институтының аспирантурасын аяқтап, 1983 жылы Ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты дәрежесін алған.

1961 -1962 жылы Шұбартау ауданындағы С. М. Киров атындағы колхоздың Ұйымдас ветеринарлық бөлімшесінде менгеруші болып жумыс истеген.

 1962 — 1965 жылы Ш. Уалиханов атындағы совхоздың бас мал дәрігері

 1965 — 1967 жылдары Шұбартау ауданының аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы

1967-1969 жылдары Алматы Жоғарғы Партия мектебінің тыңдаушысы

 1969 — 1971 жылдары аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы болған.

 1971 — 1980 жылдары «Сарықамыс» асыл тұқымды қой  совхозының директоры болып қызмет атқарған. Бұл жылдары шаруашылығы құлдырап артта қалған  «Сарықамыс» совхозы қайта көтеріліп, облыстағы алдыңғы қатардағы  шаруашылықтың қатарына  қосылды .

«Сарықамыс» кой совхозының директоры болып қызымет атқарғанда қой шаруашылығын асылдандырудағы, етті — майлы Еділбай қойларын өсірудегі «Сарықамыс» асыл тұқымды қой совхозының тәжрибесі мал шаруашылығын оқытатын жоғарғы оқу орындарына арналған Букіл Одақтық  «Овцеводство»  окулық кітабына кірген, одақ бойынша үлкен жетістіктерге жеткен.

1976 – 1980 жылдар аралығында совхоз бүкіл Одақтық жарыстың жеңімпазы атағын 4 жыл қатарынан жеңіп алды. КПСС Орталық комитетінін, СССР Министрлер советінің, ВЦСПС-тің ауыспалы Қызыл тулары мен ақшалай сыйлықтарына ие болды.

1976 жылы «Москвич 412», 1979 жылдың қортындысымен «Волга ГАЗ-24» авто көлігімен марапатталды.

 «Сарқамыс» асыл тұқымды қой совхозының мал шаруашылығын өркендетудегі үздік жетістіктері ушін аты Қазақ ССР — нін алтын кітабына жазылды.

Совхозда мал шаруашылығы ғана өркендеп қоймай сонымен қатар жаңа жас кадрлар өсіп шықты. Бұл жылдарда институтты жаңа бітіріп келген жас мамандардың өсіп жетілуіне үлкен қамқорлық жасалды. Соның нәтижесінде 1971 жылы ферманың малдәргері болып жүрген Баяхметбаев Т. бас мал дәргері, совхоз директоры, аудан әкімі дәрежесіне, ферма зоотехниктері Дүйскенов Ж., Есімбеков Ы., Сыдықов А. бас мамандар, совхоз директорлары дәрежесіне, совхоз прорабтары Атығаев Қ. Аудандық ПМК-ның бастығы дәрежесіне көтерілді. Қатардағы шофер болып жүрген Бейсенбаев Т. Қарағанды қаласына оқуға жіберіліп, бітіріп келген сон совхоздың бас инженері, аудандық ПМК мекемесінің бастығы болды.

 Еңбек жолдарын «Сарықамыс» совхозында бастап, кейін басқа совхоздарға басшы болып барғандар қатарынан Оразбеков А., Мынарбеков Б., Жақанов А. толықтырды. Осы жылдарда ғана бұл совхоздан 8 совхоз директорлары, 5 аудандық мекемелердің басшылары, аудандық совет атқару комитетінің председателі мен орынбасары, райкомның хатшысы шықты.

Оспанов Біліс Кәрімбекұлы 1980 — 1985 жылдары Шұбартау аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып жұмыс істеген.

 1985 — 1987 жылдары Шубартау аудандық атқару комитетінің председателі болды.

 1987 — 1993 жылдары Семей олыстық Агропром комитетінің председателінің бірінші орынбасары. Бұл жылдары Монғолиядағы туысқан қандастарымыздың алғашқы көшінің келген кезі. Алғашқы көшті қабылдау комиссиясының басшысы ретінде келген туыстарды дұрыс қабылдап, олардың жаңадан құрылған Абыралы ауданына орналасуына, қамтамасыз етуде көп жұмыстар жүзеге асырылды.

Семей облысы мен Қытай республикасының Синзян автономиялы облысымен алық берік айналысы да өткен ғасырдың 90 жылдары басталды. Біздің жақ оларға тыңайтқыш, олар бізге ірі қара малын өткізді. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін бізге Синзян автаномиясының мал шаруашылығы жөніндегі министрі Талаш келді. Ол кісілер біздің Ет комбинаты, мал тасыйтын автобазаларды көріп аралады. Бізді малды көруге, оларды тасуды қалай ұйымдастыруды шешу үшін Қытайға келуімізді өтінді.

Біз Ет комбинатының, автотранспорт мекемелердің, мал дәргерлік службаның басқа да керек болады ау деген салалардың адамдарын алып бірнеше рет Қытай республикасына барып қайттық. Соның нәтижесінде Бақты бекеті және Шығыс Қазақстан облысындағы «Жеменей» шекара бекеттері арқылы мал тасуды ұйымдастырдық.

1993 — 1996 жылдарда Семей қаласы Жаңасемей ауданының бастығы, Әкімі

1996-1998 жылдары аралығында Семей құс фабрикасы АҚ президенті лауазымдарын атқарған.

 1998 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласындағы «Жетісу» Акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.

Оспанов Б. К. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі ушін», «Тың игергендігі үшін» , «Еңбек ардагері» медалдарымен, СССР халық шаруашылығы көрмесінің «Алтын» жене «Куміс» медалдарымен награтталған.

Пікір қосқыңыз келе ме немесе жаңалықтарды жаңартқыңыз келе ме?

Төмендегі пішінді толтырыңыз