Оспан Биғазыұлы (1865-1926)

Кесенесі
Үш күмбезді зират. Ортадағы кумбездің биіктігі 10 метр . Қабырғасының қалыңдығы бір метр. 1918 жылы Смағұл қажы Хангелдіұлы белгілі шебер Есілбайға салдырған. Омар Смагулұлы (руы керей-косай) әкесі сынды бай болган. Омар мен Оспан кесенесі Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Шұбартау ауданында бұрынғы Жорға, Шұбартау, Шоқан совхоздарының шекараларының қилысқан жерінде, Хангелдінің Бесбақан тауы мен Есенжол қыстағының ортасында Кіндікті төбесінің бөктерінде орналасқан.
Ескерткіш жазықты жерде орналасқан. Кесене үш бөлмелі, тік күмбезді пішінде. Әр күмбез төрт бұрышты негізгі бөлменің үстінде
орналасқан. Ортасындағы күмбез жанындағы екеуінен биік. Кіреберісі оңтүстік шығысқа қаратылған. Әр бөлменің екеуден, төртеуден ауа кіруге арналған саңылау орындары, бірінші және екінші бөлмелерінде қабір тастары бар. Кіреберіс бөлмесінде арабографиялық жазумен 1918 жыл деп жазылған. Кесенеден бірнеше метр жерде тас стелла орналасқан, стеллада арабографиялық жазумен 1918 жыл саны тағы да жазылған. Кесене саман кірпіштен төртбурышты пішінде жасалган. Жуықтық өлшемдері — 6,3 х 17,6 м, биіктігі — 7,4 м – 10 м, кабырга қалындығы — 1,0 м. Сәулеттік тұрғыдан, қазақ мемориалының көп камералы композициясының бір нұсқасы сынды мавзолей улкен қызығушылық туғызады.
Бірінші кіреберіс бөлмеге Оспан Биғазұлы Хангелді немересі (1865-1926ж), Оспанның бәйбішесі Үрпила Айнабекқызы Биғазы келіні, Сайын Хангелдіұлы жерленген . Екінші ортадағы бөлмеге Омар Смағул қажы улы Хангелді немересі , Мамық Хангелді қызы жерленген. Үшінші белме бос , оған Смағул қажы өзі жерленбек болган.
Тағдыр бірак оны жөн кормеді. 1928 жылы ірі бай ретінде конфискацияланып, Өзі бас болып, Шұбартау ауданының соңғы болысы улкен ұлы Мұқатай қос болып, бесіктегі балаларды қоса бүкіл ұрпағымен Қостанайға жер аударылды. Конфискацияға іліккендердің ішінде Майлы қажы бастатқан төрт інісі мен алты немере туыстары бүкіл ұрпақтарымен болды.
Тек әкелері қайтыс болған Смағұл қажынын немерелері Омарұлы Спатай , Әмірұлы Әбзал мен Оспанұлы Кәрімбекті жетім балалар ретінде қалдырды .
Зират маңында не өзен, не бұлақ, не кұдық жоқ. Кіндікті төбесінің солтустік батыс бөктеріне орналасқан Зиратты салу ушін қыста зираттың жоғарғы жағындағы сайға қар жауып боран болған сайын тобылғы шауып сайдагы кардың үстіне салып таптай берген. Көктемде қар бірден ерімей ,бұлақ суына ұксап жылжып аққан. Соны пайдаланып кірпіш кұйып зиратты қалаған .
Пікір қосқыңыз келе ме немесе жаңалықтарды жаңартқыңыз келе ме?
Төмендегі пішінді толтырыңыз





