abaqkerey-nuralybatyr.kz

Акпараттык-танымдык портал

Басты бетТарих Ел ТуралыТулғаларЖаналықтарЕзутартар

             Биғазы Хангелдіұлы

             Биғазы Хангелдіұлы Зираты.

1919 жылы салынған. Семей облысы (қазіргі Абай облысы) бұрынғы Шұбартау ауданында Жорға тауының оңтүстік шығысындағы Биғазының қызылтасы тауының оңтустік бөктерінде орналасқан . Биіктігі 10 метр , кабрғасының қалыңдығы бір метр .

Биғазы Нұралы батырдың шөбересі, алып денелі, асқан куш иесі болыпты .

Бірде жылқы бағып жүрсе 6 жау келіп , жалғыз жылқышыны елең қылмай жылқыны иенге қарай сойылдың астына алып қуа жөнеледі. Ә дегенде абдырап қалган бала жігіт тез есін жыйып жаулармен соғыса жөнеліп алтауында ұрып жығады .

Бұрынғы өткен үлкендердің айтуынша апанға құлаған ірі малдарды жалғыз өзі сүйреп шығара беріпті.

 Жүз жасаган  немересі,  Жылтыркөз қажы келіні Қадиша апаның айтуынша қартайған шағында немерелеріне өріктің екі сүйегін бірінің устіне бірін қойып саусағымен қысып сындырып дәнін немерелеріне алып беруші еді дейді .

Бұрынғы Семей облысының бірнеше ауданында, облыс деңгейінде басшы қызымет атқарған Әзімхан Сәдуақасұлы өзінің «Тарихыңды таный біл»  деген кітабында Биғазы батырдың зиратына 20 – ғасырдың  60 — жылдары академик Әлкей Марғулан қазба жұмыстарын жургізіп  батырдың мүрдесін зерттегенін жазады. Мүрдені зерттеушілер марқұмның жілігі өгіздің  жілігіндей екен депті .

Пікір қосқыңыз келе ме немесе жаңалықтарды жаңартқыңыз келе ме?

Төмендегі пішінді толтырыңыз