abaqkerey-nuralybatyr.kz

Акпараттык-танымдык портал

Басты бетТарих Ел ТуралыТулғаларЖаналықтарЕзутартар

Абақ керей және Төре шежіресі.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - image-2024-07-04-150235-1024x523.jpg

Шежірені жырлаған Меллетхан Әленұлы (Шыңжандық) Әбілмәмбет ханның тұсында (18- ғасырда) батыс солтүстігі Россиямен, оңтүстігі Өзбек, Қырғыз, Қарақалпақ, Түркіменмен, шығысы – Жоңғармен(Жоңғар жойылған соң Жунгомен) шектесетин Қазақ сахарасында ұлы жуз, орта жуз, кіші жуз деп бөлінетін халық болған. Абақ сол Орта жүздің улкен бір тайпасы болғандықтан Абақ керей атанған. Абақ 12 арысқа бөлінеді Жәнтекей, Жәдік, Қарақас, Молқы, Ителі, Меркіт, Шимойын, Жастабан, Шыбарайғыр, Шеруші, Көнсадақ, Кұлтайболат. Бул 12 арыстың жалпы ұраны «Абақ». Өзді-өзінің ұрандары да бар: Жентекейдікі — Шақабай, Жәдіктікі — Жаңат, Қарақастікі-Қаптағай, Молқынікі — Машан, Меркіттікі- Қулсары, Жастабандікі- Жобалай, Шыбарайғырдікі- Қожаберген, Қонсадактікі-Жамай, Шерушінікі- Байтайлақ, Құлтайболатта жеке ұран жок.

Оның орнына кіргізіліп отырған Сарбастікі -Сартоқай. Абақ жоғарыдағы өңірде жүргенде бір жылы улкен той болады. Тойға улкен жуздің тайпалары тұтас шақырылады. Той аспатөк молшылықта, алуан турлі ойын-сауық, дыр- думанмен салтанатты өтеді. Тойдың кымызы ішіліп, табағы тартылып болған соң жұрт ойынға ойысады. «Бір аяқ қымыздың екі аяқ желігімен» қызықтың қызуы косылып ойыннан от шыгады. Аргын мен Керей ерегесіп тебелеседі. Ұлғая келе кімді кім ұрғаны, кімнің есесі кімде кетіп жатканы айырылмайтын сатыға көтеріледі. Бөгде атаның балалары арашаға тусіп, ес кетіп жан шыққанда екі жақты айырады. Екі жақтан көп адам сойылға жығылады. Араша-шыға тиетін алты таяқ та жеңіл болмайды. «Тойымыздың аяғын тозаңға айналдырды» деп той иелерінен наразылық көтеріледі. Сойылға жығылғандардың ішінен Арғынның Ақмырза деген жігіті өліп, жаласы керейге артылады. Сонан Арғын Кереймен жауласып мал куып, жарғы жарып өштеседі. Ел бастықтары мен жұрт жақсылары бас қосып кеңес құрып «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы» дейтін ата жолына меңзес Тауке хан толықтаган «Қазақ жолы» бойынша Керейден кұн әперіп, Арғынның аяғына жығылу арқылы екі жақты бітімге келтірмек болады. Оған Керей жағы: «Біз адам елтіргеннен ақпыз да саумыз. Арғын өз арасындағы өштігін осы орайға жастап, бірін-бірі өлтіріп жаласын бізге жауып отыр. Кісі құнынан артық малымызды барымталап алды. Ақ іске құн тарта алмаймыз. Бұларың арғынға бурғандықтарың» деп ырық бермейді. Арғын жағы іргелі белді тайпа болғандықтан “Құн алмай қоймаймыз”деп қасарады. Кесір барған сайын кушейіп насырға шабады. Арғын кез-келген жерде Керейдің адамын тарпа бас салып сабап, малын куып берекесін әбден кетіреді. «Арғыннан корлық зорлық көрдік, ара агайын әділдік айтпай арғынның сөзін сөйлеп, әнін әндеді. Іргеден дау, белдеуден жау шығып, тубіміз бір болсада көніліміз кір болды. Қастык қалып, өштік өшіп естен кетерілгенше мойны ұзақ бір жерге қоныс аударғанымыз рауа көрінеді» деп керей бул маңнан аууға бекиді. Бул миләдіннің (жаңа жыл санауы) 1771 жылы екен.

Ұлыс, рулар қыркысып, бірін-бірі ала алмаса ымыраға келіп «даудың тубін кыз бекітеді, судың тубін шым бекітеді» деп қыз беріп, қыз алып ілік-жілік, куда тамыр болып татуласып отырған. Қазак пен Қырғыз арасында болган кақтығыс енді гана аяқтап, екі ұлт енді ғана ымыраға келіп Кырғыз ханы кызы Тұмарды Әбділпейізге беріп, суйек болым бітісіп тынышық орнаган кез екен. Ол заманда іргенің бутіндігін топтың жазылмауы, береке-бірліктің кушті, ел ішінің алалықсыздығы барінен маңызды саналған. «Ханнын басын хан алар шауып тұрып, қардың басын қар алар жауып тұрып» дейтін заманда қазақ өз ішінен қырқысып-қырылысып, керейдің кеміктеліп ауа көшуі қалган елге жеңіл тимейді. Ел қамын ойлаған қасқа мен жайсаңдар бас қосып керейді тоқтатайық деп кенес құрады. Бірақ кенес тиянақ тапқанша керей журіп береді. Кенестің соны тиянағы ел соңынан елші жіберіп көнсе көшті ақылмен, көнбесе күшпен кайырып келу болады. Бұл аса киын іске «басы жыгалы, аузы дуалы, әрі арғын» деп Бұқар жырауды тағайындап, қасына сарбаз «сайлауыттар» қосып аттандырады. Керей ауарда кедергісіз кете алмайтынын да болжайды. Жұрт аңысынан көші-қон байланысымен шабындыңа ұшырап, малдан айрылып қалу қаупі барын аңдап сезіктенеді деболады-ау деген ғайып жағдайларды қылға тізе қырқалап, оган төтеп берудің қарасын қарастырып, күн ерте жабдықтанады. Зәуде кесірге кез болса қара тұяктан хал кеткенше қарсыласып келуге бел байлады. Байлаган ниет, алған беттен айнымасқа ант-су ішіп тубін ақсарбас сойып қолдарын қанга батырумен бекітеді. Астыртын тастүйін болган ел Жәнібек батырдың басшылығын да алдына тосқауыл, артына қарауыл салып бір тунде дур бере көшіп жөнеледі. Көш Сырдарияның бойын бойлай, тұяқ суытпай суыт тартып ұзап кетеді. Көш соңынан елшілікке аттанган Бұқар көш ізіне туседі де Сыр бойын жагалап жер- өмірден куып жетеді. Елдін еңкейген кәрісінен еңбектеген жасына дейін жұдырықтай жұмылып келе жатқанын көрген Бұқар жолдастарына: «Елдің сұрқы суық екен, күш берер турі жоқ; енді қызыл тілдің күшімен бір іліп көрейін, ілдірсе істің оңалғаны, ілдірмесе істің кұрығаны» дейді. Тагы бір жағынан ел басшыларының аябаты мен жүрегін алмақ болып: -Керей кайда барасың, Сырдың бойын көбелеп Соңыңнан куып мен келдім Тұлпарымды жебелеп Енді алдыңнан шығайын Жаңбырдайын себелеп, Ақмырзамды өлтірдің Ақ сойылмен төбелеп Танымасаң сен мені Арғын деген арыспын Аузы кере қарыспын, Құдандалы таныспын, Хан алдында бітпесең Атасын білмесалыспын. Көішің кетер бір жаққа, Малың кетер бір жакка Көш соңынан жете алмай Есің шығар сол жақта. Бул бетіңмен кетерсің Басқа лашық тігерсің Ауызыңнаң ас кетер Райыңнан кайтпасаң Кеудеңдеті дулығалы бас кетер — дейді. Бұқардын келген жерден күш керсетіп қоқилағанына шамырқанған керейдің албырт жас батырының біреуі алдыңдағы улкендер сабырмен жауап бергенше: Арысыңды айтып аптықпа, Келеміз біліп сактықта Көрсетпе келе кұқай- куш Жайыңды айт, аттан тус, Шаңыркапсың, шалап іш, Бітер сонсоң калган іс- деп дүрсе коя береді. Соныңан көшті тоқтатып Бұқарды сусындатып алады да, қоналқалы жеріңе келіп қонып, олардың елшілікке келген жайына танысады. Қалған елдің қимастык бауырмалдығына сүйініп, «елдің елдігіне, ердің ерлігіне бас» деп оларды қайта күтіп, үлкен сый- кұрмет корсетеді. «Аргынның қылығына тидау, керейдің малына сұрау болмаған соң өкпелеп аудық. Енді қайрыла алмаймыз. Көңілге каяу алмаңыздар» деп мен-жайды уғындырып Бұқарларды жолға салады. Көш Қалба, Маңырақ… таулары Жайсаң, Кішкене деген көлдері бар өнірге келіп іргетеуіп Сауырдың тұмсығынан Үліңгір көлінің бойына дейін жайыла қонып мекендейді.

Бұл керей тайпасының ежелгі кара қонысы екен. Жаугершілік заманда ары ауып кетіп мекендеп калған бұл өлкенің Тарбағатай жағында Найман рулары, өр Алтай жағында ұранқайлар, Кобықта торғауыт болады. Абақ елі осы алқапта жазда Жайсаң, Кішкене көлге дейін барып, жайлап қыста Үліңгір бойына дейін келіп кыстап журеді. Суы тұнық, шөбі шүйгін, отыны мол, жазы жәннат, қысы жайлы бұл құтты мекен адам мен малдын қолайына бірден бап келеді. Байтал кұлындап, тайынша бұзаулап, мал қабыңдап өседі. Торғауыт, Найман тайпаларымен жанаса қонып жарыса жайылып журе келе жайылымға таласатын, ел арасында ұры-өтірік шығатын болады. Аяғы дауға, қақтығыска саяды. Ішкі дауда әркім өзінікін жөн деп жеңістік бермей, билердің билігін алмай енжар бола- ды. Елдер ара дау-дамайды бітіретін би сайлауға келгенде арыстар ара билікке таласып керіседі. Қолдарыңда қарасты орнын делелдейтін ханынан алған таңбалы кағазы да болмағандыктан Абақтың билерін Торғауыт, Найман тайпасы инабатқа алып танымайды. Олар «төресіз ел, төбесіз жер болмайды» деген колдарыңда белгі хаттарың да жоқ, бұған қарағанда қашкын көрінесіндер, ұрыөтіріктерін де бар екен. Билеріңде әділдік болмайтындықтан билігі өтпейді екен. Біріңді бірің басқара алмайсыңдар. Өйткекше бастарың аман, малдарың тугел кунінде қарасты хандарынды тауып алыңдар. Бұл бір, немесе «төре-бауыры суық» деген. (Жанашыр жақыным деп туыс-туғанына тартпай әділдік айтады. Ойланып- толғанып істің ақ-қарасын әбден айырып ынғайлайды деген сез). Сондыктан хандарыңнан таңбалы қағазы мен төрелікке бір баласын әкеліңдер. Бул- екі. Я болмаса біздің бірімізге ел больп бірігіп басқаруымызда болындар – деп салмақ салады. Олардың бұл өңірге тоқтатпауга айналған сыңайына көзі жеткен соң Абақ елі толғана келіп «ортақ өгізден оңаша бұзау артық» деген. Дербестігімізді сақтайық. Әйтпесе тубі марқадам таба алмаймыз. Қашан да кірмесің дел көзге турткі қылады деп төре әкелуге ділгер болады…

Шежірелерде «төре деген қазақтың байырғы тілі. Жоғары құрметті, қадірлі орын есептелетін төр орнының иесі, «төр иесі» төре болып турленген. Төрені Шынғыстың улкен ұлы Жошының Тоқай-темір деген баласынан таратады. Төре «Арқар» ұранды болып төрт туға бөлінеді. Бертінгі әйгілі төрелерден айтқанда Әбілпейіз кызыл тулы, Абылай (Әбілмансұр) жасыл тулы. Санияз ақ тулы, Жолбарысхан (Нанатхан) шұбар тулы. Әнгіменің арқауы абақ тересінін шежіресі болгандықтан сол негізгі орында баяндалып отыр. Шыңғыстан Көгедайға дейін он сегіз ата, маған (шежіре авторы Меллетхан Әлен улы) дейін жиырма үш ата есеп еледі. Олар: Шыңғыс, Жошы, Тоқайтемір, Сартақ, Тойыншы, Баян, Сасбұқа, Ерезен, Мүбарақ, Шымтай Орысхан (Ырысхан), Сыгай, Есім, Жәңгір (Салкамжәңгір), Тәуке (Әз Тәуке, ягни улен Тәуке), Әбділмәмбет, Әбілпейіз, Көгедай, Ажы, Касымхан, Жеңісхан, Әлен, оның улы Меллетхан. Керей тере іздегенде шуу дегенде төрелікке Әділ төреден бір бала әкеледі. Кейін белгілі себептермен оны төреліктен қалдырып, Әбілпеій ханның баласы Көгедайды әкеледі. Қазіргі Қаба ауданындабы Қибатай бейіс, онын акесі Сағдолла бейіс, онын әкесі Зақария бейіс — сол алдынғы әкелінген Әділ төренің ұрпагы. Бұлар Есімнің ағасы Тәуекелден тарайды. Әбілпейіздін уш әйелі болган. Сонын екеуі өз алғыншыры, бірі-әменгері. Алғыншық бәйбішесі кіші жуздің ханы Әбілхайырдың ұли Нұралы төренің қызы Айкүміс, енді бірі қырғыз Төресінің кызы Тұмар. Әменгер алғаны-Қалмақ ханы Хандыжаптың қызы Шаған. Мұны бастабында Барақ төре алады. Барақ өлгенде Қанкожа (Барактың алтыншы улы есептеледі) деген екі жасар ұлмен жас қалады да әменгерлік жолмен Әбілпейіз алады. Әбілпейізден бір ұл тауып, атын Жолщы кояды. Айкумістен: Бопсы, Ғадай, Ағадай атты уш ұл, Тұмардан: Көгедай, Сәмен, Жабағы атты уш ул, жиыны сегіз ұл. Әбілпейіз Шағанды алмақшы болғанда Шаған оған екі түрлі шарт койыпты: «1 — мені бәйбіше орнында, Қанқожаны белбала орнында алда ұстайтын боласын. 2-Хандық орныңды Қанқожға беретін болсаң тиемін, әйтпесе тимеймін» Әбілпейіз шартка мақұл болып алган Шағанды бәйбіше орнына, Қанқожаны туңғыш ұлы орнында көрген. Өзі өлгенде орнына Қанқожаны тұрғызуды өсиет еткен, солай да болған. Қанқожа да Әбілпейіздің өз баласымын деп өткен. Көгедайдын азан шақырып қойган аты «Көктегі Ай». Тұмар жүкті кезінде тус кереді. Түсінде толысып тұран көктегі ай келіп қойныңа кіреді. Тусін Әбілпейізге айтады. «Олай болса бір ұл табады екенсін» деп жориды. «Айтқаның келіп ұл тапсаң атын көктегі Ай қойыңдар» дейді. Солай қойылады да келе-келе Көгедай болып өзгереді. Абақ балалары төрелікке Әбілпейізден бала сұрап баранда он екі арыстан он екі атқамінер, атшы, қосшы, қазаншылармен елуге тарта кісі барады.

Бұлардың басшысы Жәнтекей ішінде суйегі Қазыбек әрі батыр, әрі би Тауасар деген кісі. Бұлар барган кезде Айкүміс пен Шаганның ұлдары үйленіп отау болып кеткен екен. Әбілпейіз Абақ ел басыларына балаларының жәй- жапсарын таныстырып, қалауды өздеріне тастайды. Бұлар: «Аузы күйген үрлеп ішеді» деген, байқап, сынап көріп, сынға толған біреуін қалайық деп алдыңғы сәтсіздіктің қайталануынан сақтанып бір ай бақылап сынап жатады. Тұмардый балалары жас Көгедай жетіге, Сәмен беске, Жабағы үшке енді толған екен. Билер ойланып журіп бір куні Тұмардікіне келеді. Үш бала төсекте ұйқыда жатады. Көгедай екі інісін екі кұшағына алып шалқадан тусіп ортасында жатады. Билер мұны көріп: «Мынау кұшағы кең, мейрімі мол, көпшіл болғандай екен. Оның үстіне саби уя бұзбайды. Ақылдан шықпай аузымызға қарайды, осыны алсақ» деп ақылдасып, ақыры соған тиянақтайды да Әбілейіздің Ежен ханнан алған хандық таңбасын басқан қағазын, Көгедайды ашамайға мінгізіп алып қайтады. Сонан кейін Қобықтаты Торғауыт пен қана тас найман тайпасына терезесі теңеліп, түртпенектен кұтылады. Кейін Көгедай ата-анасын, бауырларын сағынып кыңқылдай берген соң оны үйін көрсетіп сағыныш мауқын басып келуге апарады. Қайтар шақ болғанда бала үйін қимай қатты қиналады. Шешесі мен бауырлары да айрылғысы келмейді. Мұны көрген билер «Мынау ержете келе түбі бізге тоқтамайтын сыңай байқатып тұр. Онанша шешесі мен бауырларын қоса алып, түбін үзіп әкетейік, күндердің бірінде тағы сорлаймыз» деген ақылға келеді. Сол кезде керей арасында жаназа шыраратын молла, шешек егіп, бала сүндеттейтін қожа мүлде жок екен. Өлгені жаназасыз, бала егусіз, сундетсіз кетеді екен. Көшпелі халық оқу-тоқудан махрум қалғандықтан молла, қожаны өзбек, ұйғырлардан жалынып шақыртып әкеліп қоныстандырып алғандықтан олар өте аз жене кіндікті жерде ғана тұрады екен. Бұл қиыншылықтарында қосып Әбілпейізге тілек айтқан соң Әбілпейіз Көгедайды шешесімен көшріп береді. Тұмар бір молла, бір қожа жене бура мен қырғыздан уш жиені- алты уй әкеледі. Сондағы келген молла, қожа, бура, қырыздардың ұрқы казір Жеменайда бар.

«Төре, қожа- түбі бір» дейтін темсілдің төркіні де осы. (Қазір Монголияның Баян-Өлкесінде де қожалар бар. Телеухан деген жігіт: «Менін әкем Қасен, онын акесі Ниязбай онын акесі Әзілбай оның әкесі Қозыбағар, оның әкесі Марқаш оның әкесі Шерік, оның әкесі Жәңшібай» дел ата- тегін таратады) Чианлуннің 48- жылы Әбілпейіз ауырып кайтыс болады. Орнына Қанкожа отырады. Осыган байланысты Көгедайдың Әбілпейізден алған таңбалы кағаздың дәурені кетіп, күші жойылады да Абақ елі тағы да жан- жағынан түрткі көре бастайды. Көгедай билерін жиып бас қосып: — Жерсіз ел соққан жел мен жугірген селмен тен екен. Өз тұсымызда іргеміздің берік болуы, жат жұрттан тұрткі көрмеу үшін Ежен Ханға барип ата-жөнімді, елімді, жерімді мәлімдеп, таңбалы қағаз әкелейін деген ойға келіп отырмын. Бұным калай? -деп кенес салады. Бұл пікірге билері айрандай уйып, коғадай жапырылып қосылады. Дуйім ел ақ атан, ақсарбас атап сойып, ақ жол тілеп Көгедайды сапарға аттандырады. Көгедай Чианлуннын 55-жылы он сегіз жасында. Қобда арқылы Бейжінге барады. Чианлун ханға жолығып, өзін, абақ елін, мекен-жерін мәлімдеп танылады. Чианлун аты-жөнін, он екі абақ елін, Алтайдың кун бетінен Жайсаң көлінің жағасына дейіңгі мекен жерін дансаға алып, өзіне. «гун» деген гаухардан қос көз орнатқан жығалы, таңбалы шен беріп қайтарады. Абақ патшаға жылына 81 ат салық беріп тұратын болады. Бұл ат әр жылы ат басына шүкірдей сары қайыстан түйілген ноқта жіберіліп, жиып алғандықтан «сары ноқтаның аты» дел аталады. Бұл 1861 жылға дейін жалағасады. Көгедайдын ел іргесін бекемдеуі баска жұрт алдында абақ елінің сағын өрлетіп, санатын серпілте арттырады. Қутты мекеніне іргесі бекіп, қам-кайғыдан серпіледі.

Бір дәурен мал мен бас теңесіп, тең жетіледі. Бірақ бұл дәурен көп байыз тауып баяңдамайды. Көгедай 49 мүшел жылы, ел шашау шығып шашыла қонған, ауыл азаматтары шашырап жан-жақта журген бір кезде іргелес ауылдын жылкысына жау тиіп, тунде озаңдаткан «Аттан» дауыс шыгады. Көгедай ауылда журген үш азаматты, жау тиген ауылдың бес азаматын ертіп, топты жаумен сайысады. Жаудың екі адамын түсіріп, жылқыны аман айырып қалады. Оң жақ тізесіне сойыл тиіп, ауыр жаралы болады. Жарасы аскынып, жыл уагы айнала қаза болады. Жайсан мен Жеменай арасында қойылады.

Бұл жер Кеңес еліне өткен. Ондағы бодін болып калған абақ елі ол жерге қалашык салып, «Көге- дай поселкесі» атаған. Жеменай Қаба ауданының елі 1944 жылы гоминданнан үркіп Совет жеріне барып қыстап қайткан. Көгедай өлген соң ел Ішіндегі жік кайта аскынып алалық өршиді. Осыдан былай Абақ іргесі Майлы- Жайыр, Еренқабырга Шонжы, Мори, Баркөл өңірлеріне дейін кетеді. Кейін Ган -су, Чанхай өлкелеріне өтеді. Тіпті босып Ундістан, Пакистан, Туркияа дейін кетеді. Көгедайдын кіндігінен: Тышқанбай (жас өлген), Ажы (Жанғазы), Әдеке (Әділғазы), Солтанғазы (Сол- теке), Тәтен (Татанғазы, Тәтеке). Көгедай шанырағы осы Тәтенде. Көгедайдан соң орнына Ажы гун болады. Ол 1877 жылы жетпісінде қайтыс болган. Ажыдан: Сейілхан, Қасымхан. Орнына Қасымхан гун болады. Ол 1890 жылы елу алтысында қайтыс болады. Сейілханнан ұрпак жоқ. Қасымханнан: Ителі кызы Арбақайдан — Жеңісхан, өзбек қызы әйелінен Мұкыш, қарындасынан бауырына басып алан Бакышпен ушеу. Қасымханнан сон Жеңісхан гун болады. Ол 1912 жылы 49 ында қайтыс болады. Жеңісханнын бәйбішесі: Калиманнан: Сәду (Сәдуақас, Шәу), Екінші улы ержетіп өлген. Үшінші ұлы- Әлен (Әлі — Мұхаммет). Кіші әйелі Меткеден: Шәріпхан, Шаймардан, Шайсолтаң.

Жеңісхан өлгеннен кейін орнына Әлен шығып 1934 жылға дейн ел билейді. 1934 жылы әкімшілік тузім өзгеріп Шәріпхан билік басына шығады. Әлен 1961 жылы қайтыс болды. Әленнен: (әйелі Қадуан, немсе Қадиша) алты ұл туған: Дәлелхан, Нағызхан, Зәкихан, Меллетхан, Масғұтхан, Бәтухан. Шәріпхан Абақ керейдің зерделі көсемдерінің бірі, ұлт азаттық көтерілісінің басшысы. 1939 жылы оны Шын- Шисай Урімжіге шакырып, «Шәріпхан ланы» деген наухан жургізіп, оған ардагерлерді тіркеп, турмеге жабады да астыртын өлтіреді. Шәріпханнан: Махатан (Мұхаметхан) 1932 жылы туып, 1947 жылдан 1950 жылдары Уаң болған, кейін жазушылықпен шұғылданған, 1983 жылы Урімжіде кайтыс болган. Шәріпханный кенжесі Ыстахан (Сташкі) казір Алтайда… Көгедайдың Әдекесінен: Әлімхан, Жанымхан, Есімхан, Қалдыхан, Тынымхан, Ибақ. Әлімханнан: Қусайынхан, Сайбақ, Солтан.

Құсайынханнан: Аскабылкәп, одан Аужақ. Солтаннан: Әбілхамит. Жанымханнан: Мамырбек, Рақыш, Мұқай, Тақай. Мамырбектен: Ботеке, Бөкей, Жақыпбек, Тұрысбек, Қызырбек. Рақыштан: Ілияс, Ками, Жамаш, Солтансейт, Омар. Мұқайдан: Төлеу. Тақайдан: Машатай, Ногай. Есімханнан: Нұралы, Қайса, Айса. Нұралыдан: Ахмет, Мұқатай. Қалдыханнан: Қонқай, Мұхамет-Әлі. Қонқайдан: Бес ул, Мұхаметәліден: Сапай, Хайролла. Ибақтан: Сіләмбек, Қабдан, Сіләмбектен: Ақатай, Шәкей, Махмет, Кали. Солтангазыдан: Ціим, Теке, Шимнек: Қали, Калидан: Кәкім, Сіләмхан, Қауан, Жамалхан. Тәтеннен: Майылхан, Майылханнан: Қошым (Қосыл- ан), Әдімхан, Сапарбек. Көгедайдың інісі Сәменнен; Молдияр, Қожамжар, Оспатай, Райымбек, Деулетжар, Данияр, Бактияр, Мамеке, Жанеке, т. б. онбір ұл. Көгедай інісі Жабағыдан төрт ұл тараган деседі. Ұрпағы Қаба Жеменай, Толы Санжы аудандарында. Қобдада Дайыр деген кісінің ұрпағы бары мәлім. Жабағы ұрпағында құсбегілік артықшылық болған.

Пікір қосқыңыз келе ме немесе жаңалықтарды жаңартқыңыз келе ме?

Төмендегі пішінді толтырыңыз