Абай, Сабырбай ақын және Қуандық қыз

Белгілі Ақтайлақ ақынның ұрпағы Сабырбай да оның кіші қызы Қуандық та сөзге шешен, ақын болған.
Абай оқып журген кезінде қара форма мен былғары шалбар, ши қалпақ, сықырлауық етік киіп, әрі болыс, әрі шешен Асылбекпен бірге оның қайын атасы найман Сабырбай ақынның үйіне еріп барады. Абайдың бұл түрін көрген Қуандық қыз әзіл-шыны аралас:
Басында ши қалпағы, белін буған,
Көрген жан Куандық деп мойын бұрған.
Найманның, сендей салы толып жатыр,
Бұтына көн шалбары әрең, сыйган, —
деп әзілдей өлеңдеткен екен. Бұл сөзді естіп отырған мысқылшыл. Сабырбай:
Қуанжан, не себептен әнге салдың,
Айтыста өлең-жырдан сен бәйге алдың.
Бір келген кұзырыңа мейман шыгар,
Көңіліне ауыр тиер Абайжанның, —
депті-міс. Бұл жолы Абай улкен алдында әдеп сақтап, ештене дей қоймапты. Бұдан кейн Сабырбай ақын Абайды қадірлеп, уй тіктіріп, құрметтеп кутуді қызы Қуандыққа тапсырыпты.
Әдеппен журіп шай жасап, шай кұйып отырған Қуандық кыз Абайға іштей ұнап қалады да, бір үзілісте көңілдес Асылбекке:
— Асыл аға! Мені балдызыңызбен таныстырсаң қалай болар екен, өте ұнады, — деп қолқа салыпты. Бірақ Асылбек жақтырмаған сыңай білдіріпті. Кешікпей Асылбек балдызы Қуандыққа кісі салып:
— Абайға жоламасын, — деп ескертеді. Абайдың қызбен тілдеспек больп, араға салган жігіті:
— Қуандықпен сөйлестім, келісімін алдым, — деп келіпті.
Ертеңіне Асылбек Абайға:
— Жағдай оңай емес шыгар , балдызым берік, менің айтқанымды бұзбайды, — десе керек.
Сонда Абай:
Ауылы жылжып қонған соң жалпақ шиге,
Бұл істі сынатпаймын ешбір биге
Балдызыныз уағдага берік екен,
Сырғып барып жатыпты шеткері үйге, —
деп жауап қайырган екен.
Көңілдері жарасқан соң Абай Қуандықты аламын дейді, бірақ уәдесінен шыға алмапты. Өйткені, Қуандықтың атастырған жері Керейдің жуан атасының бірі болса керек. Қуандық атастырған жеріне көңілі толмағанына әкесі Сабырбайға айтқан мына бір сөзі айғақ:
Құдаң атымды алған соң журдім жаяу,
Жаяу журіп көңілім болды қаяу,
Бір итпен құда болмас құда болып,
Не болды саған әкем Сабырбай-ау?
Бірде Қуандық, төркіндеп келе жатып, Абайдың үйіне соғады. Кутушілер аттан тусіріп алайын десе, Қуандық:
— Абай үйде ме? — деп сұрайды. «Уйде» десе, ол ат устінде тұрып:
— Мені Абайдың өзі түсіріп алсын? — депті.
Уйде отырган Абай:
— Жарайды, Қуандық екен гой, — деп, даусынан танып, өзі шығып Қуандықты қолтықтап, тусіріп, атын байлаған екен. Қуандықты атандырғанда Абай оған бір жақсы ат жетектетіп, шапан жауыпты:
— Біздің дәм-тұзымыздың жараспауына, қосыла алмауымызға сен де, мен де жазықты емеспіз, ата дәстүрінен аса алмадық,
— деп қимастық білдірген екен.
Айсулу Бейсенғалиева.
«Абай» журналы №7,1993 жыл
(Қуандық қыз –келешектегі Төлеу Көбдіков атамыздың (Абақ керей, Сарыбай ұрпағы) анасы))
Пікір қосқыңыз келе ме немесе жаңалықтарды жаңартқыңыз келе ме?
Төмендегі пішінді толтырыңыз





