abaqkerey-nuralybatyr.kz

Акпараттык-танымдык портал

Басты бетТарих Ел ТуралыТулғаларЖаналықтарЕзутартар

Даланың қызыл желі.

Абай Керейдің Бегешін «кызыл жел» деп атайды екен. Оның да өзіндік себебі болса керек:

Дәулеті шағын болса да, өзінің ақылдылығымен, тапқыр шешендігімен, адамгершілік қасиеттерімен замандастарына кең танылған Бегеш Керей-Тобықты бас қоскан жиындарда Абаймен жұбын жазбай, тізе қосып қатар отырып, даулы істерді бірігіп шешетін бопты. Ал, билік айтарда, үнемі әуелгі сөзді Бегеш айтып қойып, Абай мұны өзгеріссіз мақұлдайтын болса керек.

Бірде тобықтынын біреулері:

— Абай, осы Бегеш неге сенен бұрын сөйлейді? Алдына тусіп кететін оның не жөні бар? — депті Абайға.

Осы сөз көңілінде болган Абай, тағы бір бас қосуда:

— Беке, осы сіз неге үнемі менен бұрын сөйлеуге асығасыз? — деген екен, әзіл-шыны араластыра. Сонда Бегеш іркілместен:

— Абайжан-ау, мен қателессем, қасымда тузеп жіберетін сен барсың, ал сен қателессең, кім түзей алады? Сенен бұрын сөйлеуге асығатыным сол емес пе? — депті.

Кейін Бегеш туралы әнгіме бола қалса, сөзге келгенде соғып тұрган қызыл жел де бір, Бегеш те бір, қызыл желді уысыңды қанша тоссаң да ұстай алмайтының сиякты, Бегешті де сөзден ұстай алмайсың, — дейді екен Абай.

Ауру Абайдың, бақсы Шоқбатарды шақыртуы

Дуние салардан екі кун бұрын Абай Керей Шоқбатар бақсыны шақыртады. Кіріп келген Шоқбатарға салем беруге үлгіртпестен, Абай:

— Шоқбатар, мен осы аурудан өлем бе, жазылам ба, соны айтшы, — дейді.

— Бұл аурудан бүрсүгүні қайтыс боп, арғы күні жамбасың жерге тиеді, — депті Шоқбатар түрегеп тұрган бойы бөгелместен.

  — Әй, Шоқбатарым-ай, бұл аурудан жазылмайтынымды өзім де біліп отырмын, сенің көріпкелдігіңді ақырғы рет жұрт алдында бір сынайын деп шақыртып ем. Шақырғанымда бөгелмей келгенің де, менің сұрагыма жалтармай, тура жауап бергенің ушін де,  Алла риза болсын. Шіркін, сенің осы айтулы қасиетің Балтақайыңа, басқа да, кейінгі үрім-бұтақтарыңа дарыр ма екен, — депті де, бақсыны қонақ уйге апарыңдар, тынықсын, — депті ерекше ілтипатпен. Қонақ үйге қарай кетіп бара жатқан Шоқбатар:

—Мен кіріп келгенде, сәлемімді алмастан, бірден сауал қойғанына ыза боп, көңіліне қарамай, Абайға «бүрсүгүні қайтыс боп, арғы күні жамбасың жерге тиеді» дедім ғой бөгелмей.

Сөйтсем, Абай мені емделу үшін емес, менің көріпкелдігімді о дүниеге аттанарда ақырғы рет бір сынау, арі сол арқылы жұртқа осы қасиетімді тағы бір танытып кету ушін шақырыпты ғой.

Өзінің өлетінін көңіліне қарамай, бетіне тура айқанымды да шыншылдық деп бағалап, Алла атымен ризалық білдіруі, екі дуние ортасында жатса да, мені сынау арқылы ел-жұртқа менің қасиетімді — Алла берген бақсылыкты ақырғы рет танытып кетуі — кемеңгер Абайдан баска кімнің қолынан келер еді. Елінің данасы болған Абай дуниеден өткелі жатыр, шіркін, — деп, жылал жіберіпті.

Ел аузынан

«Абай» журналы  №12. 1994 жыл.

Пікір қосқыңыз келе ме немесе жаңалықтарды жаңартқыңыз келе ме?

Төмендегі пішінді толтырыңыз