abaqkerey-nuralybatyr.kz

Акпараттык-танымдык портал

Басты бетТарих Ел ТуралыТулғаларЖаналықтарЕзутартар

Кәкіжан Шитенұлының 1941 жылы Соғыс алаңынан елге жазған хаты.

Сары-Арқа қош аман бол туған жерім,
Кір жуып, кіндік кесіп буған жерім
Әлпештеп шәу-жайымнан бір қақпаған,
Кәрі жас Қош аман бол қайран елім.
Дем айдап келген жерім Шубаш елі,
Майданға таяу екен мұнын жері.
Бауырға аға-жеңге түгел сәлем,
Екпіннің әлпештеген ардагері.
Хат жаздым Шубаштың даласында,
Он минут перерывтың арасында.
Сағынған Кәкіжанның журегінен,
Сәлем айт колхоз «Екпін» баласына.
Сіздерден хат ала алмай жасып кеттім,
Жел сөзбен көңілімді басып кеттім.
Қарағым Исатайым, жолдас Қанша,
Алладан артын тілеп нәсіп еттім.
Алланың үмітім бар панасынан,
Тілеймін достан дұға жаны ашыған.
Бауырым Рахымбек-Әнуарбек,
Сақтасын қас дұшпанның жаласынан.
Хат жаздым мұны Исатай аласын ба?
Біз кеттік қанды Герман қаласына.
Тапсырдым артта калган ағайынға,
Алланың күн көрерсің панасында.
Жұманбай, Нұргали мен Тату Секем,
Ауысхан, Байғожа мен Қайран көкем.
Тілеулі, Марқасқа мен Байтөлеген,
Кутіндер Исатайды көрмей бөтен.
Аман бол мен көргенше Куншай-ана,
Тумасамда туғандай болып бала.
Кешіңіз артық кемді сөзім болса,
Суға тусіп кетпесін жалгыз бала.
Рысбай, Қайрат, Секем, Біліс бауыр,
Кенжебай, Төлеуғазы барлық бауыр.
Бұл жерден 28 кетті-ау ағаң,
Сіздерден хат ала алмай көңіл жауыр.
Артымда қалган менің Исатайым,
Қарарсың Құрмангали мұның жәйін.
Іздетпе Исатайды сағындырып,
Білмейтін кісі емессің бала жәйін.
Сурасаң менің елім салтанатты,
Малы көп, дәулеті көп инабатты.
Елімнің елде журген еркесі едім,
Аң қағып, ит жугірткен салтыменен.
Жылқының ішіндегі аласымын,
Халқымның салып қойган қоласымын.
Сұрасаң сен есімімді мен айтайын,
Медальды Екпін колхоз баласымын.

Пікір қосқыңыз келе ме немесе жаңалықтарды жаңартқыңыз келе ме?

Төмендегі пішінді толтырыңыз