Мұқатай Әбеу ұлы

Әбеуілов Мұқатай 1917 жылы Семей қаласы Шұбартау ауданы, «Сарықамыс» ауылында туған. Соғысқа дейін «3-ші бесжылдық» кеңшарында жұмыс істеген. 1941 жылы тамыз айында Армия қатарына алынған. Соғыс кезінде 1–ші Белорус қатарының құрамында және 2,3,4–ші Украин соғысына қатысып үш рет жараланып, сауыққаннан кейін қайта өз қатарына қосылды. Зеңбірекші Мұқатай ерлігімен батылдығы үшін 1 дєрежелі Отан соғысының орденімен наградталған. 1944 жылы сәуір айында қатардағы Әбеуілов шабуылда қатты жараланды. Жарты жыл зеңбірекші – артиллерист әскери аурухана төсегінде жатады. Оған жарты жыл туған еліне барып қайтуға демалыс береді. Бірақ ол бас тартып, өзінің жауынгер достарына баруға асығады.
1944 жылдың күзінде Кеңес әскерлері румын – венгер шекарасына жетіп, Венгрия жерін қорғауға қатысты. Ұрыс басталып артеллиристер әскери бұйрықты өтеуде, жаудың ойлануына мұрша бермеді. Мұнда ерекше көзге түскен нысаншы М. Әбеуілов болған, зеңбірекшілер тобы болды. Аз уақыт ішінде М.Әбеуілов 4 танкіні жойды, 4 бронетранспортерді, 50 шақты жаудың көзін жойған. N 179754 артиллеристер қаумының ерліктері туралы жаңалық бүкіл корпусты дүр сілкінтті. 152- гвардиялық танкіге қарсы шабуылдаушы артиллериялық полктың қару көздеушісі (4-гвардиялық кавалериялық корпус, 2-ші Украин майданы) гвардия қатарындағы жауынгер Әбеулов Венгрияны азат ету ұрысында ерекше көзге түсті. Ержүрек нысаншы М.Әбеуілов Венгрия территориясына жаудың ересен зор күшін жне техникасын өткізбей қатты тойтарыс берді.
Жергілікті пункттер Бихор-Уцрван, Епископа-Бихар, Тепе, Надьколло қаласын азат ету кезінде ерекше көзге түсті. Қиян-кескі шайқастарға жаяу әскерлермен бірге шығып, өз қаруымен қорғап жүрді. 1944 жылы қазан айының 8-нен 26 – на дейін аралықта М.Әбеуілов өз қаруымен 3 ірі калибрлі зенитті қондырғыларды, 2 танкіні, 2 минаметті батареясын, 3 зеңбіректі, 6 автокөлік, 60 шақты фашистердің көзін жойды. 1944 жылдың 16-желтоқсанында Мохора (Будапешт қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым) елді мекенінде жау танкілерін шабуылдау кезінде ерлікпен қаза тапты. Ол Венгрияның Махора деген жергілікті пунктінде жерленген.
Соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы әскери тапсырманы орындағаны үшін сержант М. Әбеуіловке жоғары Кеңес Президиумының Қаулысы бойынша 1945 жылы 28 маусымда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. «Батырдан батыр туады» деген қазақ нақылының тағы бір дәлелі болды, өйткені ол Нуралы батырдың бесінші ұрпағы еді. Батыр ұрыс болған жерде жерленген. Батырдың Отанында бюст орнатылған.
Ресми дерек бойынша Кеңес Одағының Батыры атағын алған — 11600 адам болса, оның 497-сі Қазақстандықтар, оның ішінде 97-сі қазақтар, екеуі қазақ қыздары. Ал, сол 97-қазақтың ішінде бұрынғы Шұбартау ауданынан (қазір Аягөз ауданы) шыққан жалғыз Батыр – Мұқатай Әбеуілов.
Пікір қосқыңыз келе ме немесе жаңалықтарды жаңартқыңыз келе ме?
Төмендегі пішінді толтырыңыз





