Нұралы батыр

Нұралы батыр
( 1714 — 1789)
1731 жылы дос болып бірге өскен үш бала жігіт — Абақ керей ішіндегі Жәнтекей атасынан Жәнібек Бердәулетұлы (бұл болашақтағы қазақ халқының айтулы батырларының бірі де бірегейі — Ер Жәнібек), Жастабан атасынан Есіркепқлы Нұралы, Шеруші атасынан Байымбетұлы Байтайлақ сұранып Абылай бастаған қолға қосылып Аңрақай шайқасына қатынасады.
1739 ж., 1740 ж., 1742 жылдары Нұралы батыр Жоңғар хунтайшысы Халдан Серен шабуылына карсы Есіл, Ор, Ыргыз, Елек өзендерінін бойында Абылай бастаған қазақ қолының сапында Ер Жәнібек бастаған Абақ керей түменінде мың басы болып қатысқан.
1741 жылы Нұралы батыр Шыңғыстаудагы Шаған шайқасына қатынасып асқан ерлік көрсетеді.
1750 жылы 80 күндік Шорған шайқасында Абылайдың астындағы аты мерт болып жаяу қалганда Ер Жәнібек астындағы Көкдөнен атын Абылайға көлденең тартып:
— Алдияр! Сіз өлсеңіз ел жетім қалар, мен өлсем қазақтың бір қатыны ұл табар! — деп Абылайды құткарып жібереді. Жаяу қалған Жәнібекті қалмақтың бір сарбазы найзамен шаншып өлтірмек болғанда унемі ажырамай бірге жүретін жан жолдасы Нұралы батыр жетіп келіп, қалмақ сарбазын ұрып жығып астындағы атын Ер Жәнібекке мінгізіп екеуі бірге қашады.
1751 жылы Нұралы батыр Арқадан оңтустік Қазахстанға жасалган Ханбаба бастаған ( Барақ сұлтанның үлкен ұлы) жорыққа Ер Жәнібектің түменінің сапында қатынасып Жоңғар басқыншыларынан Ташкентті, Шымкентті, Сайрамды т. б. көптеген елді мекендерді азат етуге ат салысады.
1752 — 1754 жылдары Нұралы батыр Ер Жәнібек бастаган Керей сарбаздарының сапында Жетісу, Тарбағатай, Алтай өлкелерін Жоңғар басқыншыларынан азат етуге қатысады.
1941 — 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына Нұралы батырдың 500 ден артық тікелей ұрпактары қатынасып, олардын 70 пайыздан артығы ерлікпен майдан даласында қаза тапты. Солардың бірі батыр бабасының ерлігін жалғастырған Совет Одагының Батыры Мұқатай Әбеуілов Венгрия жерінде мерт болды.
Пікір қосқыңыз келе ме немесе жаңалықтарды жаңартқыңыз келе ме?
Төмендегі пішінді толтырыңыз





