Ысқақов Ербала

Ысқақов Ербала
(1922-1970)
Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Қожакелді.
Ысқақов Е. Бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы Баршатас селосында туған.
Әкесі 2 жасында, шешесі 10 жасында қайтыс болган.
Алдымен Шұбартау балалар уйінде, кейін Аягоздегі балалар үйінде тәрбиелеген. Аягөздегі мұғалімдер педучилищесін 1941 жылы тәмәмдаған. Отан соғысы басталған соң, Алматыдағы әскери училищеде минометчик дайындықтан өтіп, соғысқа аттанады. 1942-1943 жылдары әртурлі Оқу батальондарының взвод командирі болган. 1943-1945 жылдары Брянск, Белорусь Фронттарында миномет взводтарының командирі болып, 1945 жылы ауыр жараланып, Серпухов госпиталында емделіп, елге қайтады. 1944 ж. Коммунистік партия мүшелігне өткен.
Елге оралған соң, 1945 жылы Абай атындағы КазПИ-дің
тарих факультетіне тусіп, 1949 жылы қызыл дипломмен бітіріп шыққан. Еңбек жолын осы институттың политэкономия кафедрасында 1949 жылдан ассисент болып бастаған. 1954-1955 жылдары осы институттың партия комитетінің секретары болып тагайындалған. 1967 жылы ғылым кандидаты атағын корғап шыққан.
1949-1970 жылдары 21 жыл бір мекемеде, КазПИ-де еңбек етті. «Қызыл жұлдыз» орденімен (1944), Отан соғысының бес медалымен, Ленинің жүз жылдығына
арналган «Ерен енбегі үшін» медалымен, «Көп жылдық ерен еңбегі үшін» медалымен марапатталған.
1955-1956 жылдары Алматы қаласының депутаты болып сайланған.
Әйелі Ерқожакызы Бибінұр, 1 ұл, 3 қызы, немерелері Алматыда тұрады.
Әкесі Ысқақ марқұм батыр адам болыпты. Бірде Найман ауылымен барымталас болып жүргенде қолға түсіп қалады. Наймандар кигіз үйге қамап аяғына кісен салып қояды. Ысқақ марқұмның бір ұлы Ербала, бір қызы Көшек бар екен.
Ысқақ батыр кісенді ағытып тастап :
Ербала мен Көшегім өсер ме екен
Туырлығын Найманның кесер ме екен-
деп әндетіп отырыпты.
Кейін Ербала ер жетіп Алматыда қызмет істеп жүргенде ағайыны Кәкім ақсақал Ербаланың әкесі ұлтшыл, рушыл болған деп жоғары жаққа арыз жазыпты. Тексеру кезінде Ербала менің әкем:
Ербала мен Көшегім өсер ме екен
Туырлығын Байлардың кесер ме екен –
деп айтқан деп құтылыпты. Өйткені Совет Өкіметі кезінде байларға қарсы болған адамдардың бәрі жақсы болып есептелген.
Пікір қосқыңыз келе ме немесе жаңалықтарды жаңартқыңыз келе ме?
Төмендегі пішінді толтырыңыз





