Жылысбаев Бекен

Бекен Жылысбаев
(1923 ж. -2015 ж.)
Қазақстанның халық артисі, Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Руы Абақ Керей, Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Қожакелді — Жылысбай, одан Бекен.
Жылысбаев Бекен 1923 ж. бұрынғы Семей облысы Шұбартау ауданында туган. Еңбек жолын 1939 ж.
Алматыдағы Абай атындағы опера жане балет театрында хор әншісі болып бастаған. Ол 1940 ж. Мәскеудің И.Чайковский атындаты консерваториясына оқуға түседі. Бірақ Ұлы Отан соғысы басталуына байланысты ол 1942 ж. Кеңес әскерінің қатарына алынып, соғысқа аттанады. 1944 ж. Чехословакияда қатты жараланып, елге қайтады. Соғыста көрсеткен ерліктері ушін «Отечественная война» орденімен екі рет марапатталған. Елге қайтып келген соң 1945 ж. Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясына окуға түсіп, оны 1951 ж. бітріп шығады. Консерваторияда оқуымен қатар, Республика радиокомитетінде солист болып жұмыс істейді.
Консерваторияны бітірген соң, Қазақтың Мемлекеттік
Филармониясына солист қызметіне жұмысқа жіберіледі. Онымен қатар консерваторияның вокальдық кафедрасына мұғалім ретінде қызмет атқарады. 1955 ж. Бекен Жылысбаевқа «Қазакстанның еңбек сіңірген артисті» деген құрметті атақ беріледі. Осы жылы ол Құрмангазы атындагы Мемлекеттік консерваторияның вокальдық кафедрасына мұғалім болып тұрақты жұмысқа жіберіледі. 1956 ж. бастап Б.Жылысаев 1998 жылға дейін 42 жыл бойы үздіксіз вокальдық кафедрасының меңгерушісі болып қызмет істейді. 1959 ж. ҚСРО Жоғарғы Кеңесінің президиуминың шешімімен оған «Құрмет белгісі» ордені берілді. Екі рет Алматы калалық кеңесінін (1957, 1959 ж.) депутаты болып сайланды. 1960 ж. доцент ғылыми атағы берілген. 1973 ж. Жоғарғы Аттесциялық комиссиясының шешімімен вокальдық кафедраның, профессоры атағы бекітіледі.
1971 ж. 20 шілдеде ҚСРО Жоғарғы Кеңесінің президиумының шешімімен Б.Жылысаев Ленин орденімен марапатталды. 1977 ж. оған «Қазақстанның халық артисі» құрметті атағы берілді. 1955, 1977, 1983 жылдары ол Қазақ ҚСР Жогарғы Кеңесінің «Құрмет грамотасы» мен марапатталған. 2005 жылы сексен жасқа толубна байланысты «ОТАН» ордені берілді. Б. Жылысаев коптеген белгілі шекірттерін дайындатан: Сейталиев Т. — ҚСРО халық артисі, Қыргызстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық артистері Нұржамал Усенбаева, М.Мұсабаев, Н.Қаражігітов, 3.Қойшыбаева, F.Есімов, С.Абусейітов, Н.Нусіпжанов жене 17 — Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, 11- Халықаралық конкурстердің лауреаттары, 10 — К. Бәйсейтова атындаты конкурстың лауреаттары. Кейінгі жылдарға шейін Б.Жылысаев Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияның вокальдық кафедрасының құрметті профессоры болып жұмыс істеді.
Пікір қосқыңыз келе ме немесе жаңалықтарды жаңартқыңыз келе ме?
Төмендегі пішінді толтырыңыз





